Ұлттық құрылтай шетел қазақтары үшін жаңа белес болмақ – Түркиядағы қандас
Түркиядағы қандасымыз Мимар Синан университетінің профессоры Абдулуахап Қара осылай дейді. Оның айтуынша, құрылтайда қандастар мәселесі бойынша «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы өкілдік етеді. «Бұл – алыстағы ағайынға Мемлекет басшысының көрсеткен құрметі», – дейді профессор.
Абдулуахап Қара, Мимар Синан университетінің профессоры:
- Әсіресе елімізге қара бұлт болып төнген қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін ұлттық бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту жолындағы ұлы бастама болып табылады. Бұл ұлы бастамада да шетел қазақтарының мәселелеріне де көңіл бөлінгені құптарлық. Өйткені осы құрылтайдың 117 өкілдері ішінде шетел қазақтарының жанашырлары да бар.