Узра Зея: АҚШ Қ. Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру реформаларын толық қолдайды
5 маусымда өткен референдумды осы реформаларды іске асырудағы кезекті қадам ретінде бағалайды. Мұны АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея мәлімдеді.
Узра Зея, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары:
- Біз мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру, ашық және халық үніне құлақ асатын институттар құру, сондай-ақ дербес азаматтық қоғаммен бірлесіп адам құқықтарын қорғау саласын күшейтудің күрделі жолында Қазақстанға көмектесуге әрдайым дайынбыз.