Қ. Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлескен Қазақстан Президенті осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда жоспарланған Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
«Бұл оқиға бауырлас Өзбек елін жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болады», - деді Мемлекет басшысы.