Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіне халықаралық техникалық аудит жүргізілуде – Санжар Жаркешов
Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ішкі нарықтың газға деген сұранысы толық қамтамасыз етілген. QazaqGaz Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салуға кіріскен. Газды барлау және өндіру жөніндегі жаңа жобаларды іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кездесу соңында Президент бірқатар міндет жүктеді, соның ішінде еліміздегі газбен қамту жұмыстарының қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берді.