Хабар телеарнасы

Атыраулық журналистер Президент Жолдауының басты міндетін талқылады

«Ендігі міндет – еліміз үшін басты құжатты бұқараға жеткізіп, билік пен халық арасындағы байлынысты нығайту», – дейді Атырауда бас қосқан Бас редакторлар клубының мүшелері. «Президент бұқараны толғандырған көптеген көлеңкелі тұстарды айқындап берді. Мысалы, Ұлттық қордың қаржысын тиімді жұмсау: оның белігілі бір бөлігін балалардың есеп-шотына аударып, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау. Ендігі мақсат осы айтылғандарды жергілікті жерлерде насихаттау, шалғайдағы жұртқа түсіндіру  БАҚ-тың басты міндеті», - дейді клуб мүшелері.

Жасын Біркенов, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры:

-Міне осының бәрін біз журналистер болып жұртқа жеткізуіміз керек. Осы орайда, мерзімді баспасөздің, жергілікті БАҚ-тың ролі зор деп білемін. Алда көптеген саяси науқандар болады. Бұл саяси шараның маңызын халыққа жеткізу де өте маңызды болып отыр.