«Аmanat» партиясының мүшелері көпқабатты үйлер мәселесіндегі қиындықтарды талқылады
Алайда өзара есеп айырысуда әлі күнге дейін қиындықтар туындап жатыр. Себебі пәтер иелері кооперативтерінің жартысына жуығы қаржыны мүлік иелері бірлестіктеріне бергілері келмей отыр. Бүгін осы және өзге де мәселелер «Аmanat» партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында талқыланды. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, қазір тиісті Заңнамаға 97 өзгеріс енгізіліп жатырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол тұрғын үйді басқарудың жаңа нысанына көшу процесін жеделдету үшін «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесін енгізуді ұсынды.