Президенттік сайлауға түсетін бірінші кандидаттың есімі белгілі болды
Бұл туралы республикалық бірлестіктің ХХ съезінде мәлім болды. Оған қатысқан 91 делегат Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Үміткер өмірінің басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнаған. Қазір 67 жастағы Жигули Дайрабаев Қазақстан фермерлері қауымдастығы төрағасының қызметін атқарып отыр. Кандидаттың жоғары білімі бар, мемлекеттік тілді жетік меңгерген.
Жигули Дайрабаев, фермерлер қауымдастығының төрағасы:
- Қазіргі геосаяси ахуалды да ескеріп отырмыз. Оны өздеріңіз де біліп отырсыздар. Сондықтан басты мәселе – мемлекеттің, халықтың бірлігі болуы керек. Қоғамда тыныштық болуы қажет. Қазақ бата бергенде: «Сыртымыздан жау кірмесін, ішімізден дау кірмесін» деген айтатын сөз бар. Менің негізгі қағидам солай.