«Ақ жол» партиясы Қ. Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Съезде қоғамдық коалицияға бірігу сұрағы да қарастырылып, жасырын дауыс беру нәтижесінде коалициямен бірге қазіргі Мемлекет басшысын қолдауға партиялықтардың 64,1% келісті.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
-Енді мен коалицияға кірген азаматтармен байланысамын. Ақылдасамыз, ары қарай әр партияның өзінің ұстанымдары бар ғой. Кейбір партияның ұстанымдары бір-біріне қайшы болып шығуы мүмкін. Бұл жерде біз ортақ шешімге келуіміз керек секілді.