Президент сайлауын бақылау миссиясы басталды
Олар сайлаудың халықаралық стандарттарға сай өтуін, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкестігін бақылайды. Сайлауға бірнеше күн қалғанда тағы 300 байқаушы келеді деп жоспарланып отыр.
Урсула Гашек, ДИАҚБ Қазақстандағы сайлауды бақылау миссиясының басшысы:
- Байқаушылар сайлау учаскелерінің ашылуынан бастап дауыс беру мен бюллетеньдерді санау барысын, нәтижелерді шығару кезін толық қамтып, бақылайтын болады. Тіпті сайлау аяқталғанның өзінде 10 күн бойы Қазақстанда жұмыс жүргізеді.