Дайрабаев Сыр еліне барды
Жигули Дайрабаев Қызылорда қаласында күріш өсірушілермен кездесті. Көп суды қажет ететін шаруашылық түрін қуаңшылықтан сақтау шаралары сөз болды. «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына» барып, ғалымдарымен әңгімелесті.
Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
-Күріш суға толмай, мына топырақтың жағдайы болмайды,сапасы болмайды. Екінші мәселе — Арал проблемасы. Қызылорда өңірін экологиялық проблема мазалайды. Халық ол туралы бүгін кездесуде айтты.
Сырдария ауданына да ат басын бұрып, үлгілі ауылдардың бірі «Нағи Ілиясов» тұрғындарымен кездесті. Бұл ауыл береке-бірлік пен тынымсыз еңбектің арқасында аймақтағы ең көрікті елді мекенге айналған. Жигули Дайрабаев пен оның партияластары жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысын көріп, жұртшылықты саяси бірлестіктің сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасымен таныстырды.