Хабар телеарнасы

Тұрсынбекова дағдарыс орталығына барды

Мұнда ол өмірде қиыншылыққа тап болған әйелдермен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Сондай-ақ өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, алаңдатқан сұрақтарына жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Тұрсынбекова кезектен тыс президенттік сайлауға «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестік атынан қатысып жатыр.  

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат:
-Сайлауалды агитациялық жоспарларымызбен дағдарыс орталығына келіп отырмыз. Әрине, менің қай өңірде жүрсем де дағдарыс орталығына бармай кетпеймін. Бүгін мен үшін көңілге мұң қалдыратын жайт. Өйткені тағы да бір рет мен аналарымыздың көз жасын, балалардың шырылдап, жылап жүргенін, өз отбасынан қашып, осындай жерге келіп, пана тапқанын, мәжбүр болып жүргеніне менің көңілім де, жүрегімде шыдамайды ондайға.