Нұрлан Әуесбаев Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесті
Халыққа сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партия туралы толық мағлұмат берді. Жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды. Жалпы бұл Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмыстарымен барған алтыншы нүктесі. Жоспар бойынша алдағы үш күн Астана және Ақмола облыстарында іс-шараларға қатысады.
Нұрлан Әуесбаев, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Тұрғындар жақсы, көп жиналды 100 астам адам болды және сұрақтар да сан алуан. Айтылған барлық мәселе бойынша ашық пікір алмасу болды.