Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Ұлытау облысына барды
Сондай-ақ штаб өкілдері жергілікті нан зауытының ұжымымен кездесті. Кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіподақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамалары туралы айтылды. Кейін мыс балқыту зауытында болып, Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына енгізілген өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістегі еңбек құқықтарын қорғау және жаңғырту мәселелерін талқылады.
Ерлан Қошанов, республикалық қоғамдық штабтың басшысы:
- Ұлытау ұлтты ұйыстырған қасиетті мекен. Коалиция болып осы Ұлытауға келіп отырғанымыз да бірлікті көрсетеді. Егер біз бір болсақ біз барлық сын-қатердің барлығын жеңеміз. Ал ол үшін біз бір тудың астына жиналуымыз керек.