Қажыкеннің Ұлытау облысындағы штаб жұмыстары жалғасып жатыр
Облыстың барлық қалаларындағы орталық көшелерде билбордтар мен плакаттар ілінген. Өңірдегі қоғамдық кеңседе 12 қызметкермен қоса, 15 волонтер жұмыс істейді. Штаб басшысы «Ұлытау – өндірісті өңір болғандықтан мұнда кәсіподақ бірлестіккері де көп», – дейді. Сондықтан кездесулер әсіресе алып компаниялар мен зауыттарда жүргізіліп жатыр. Десе де, үгіт-насихат науқанының соңына дейін өңірдегі барлық жұмыс ұжымдарымен жиын өткізу жоспарланған.
Берік Жағыпаров, Облыстық штаб басшысы:
-Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізі Жезқазған, Ұлытау аймағы көп өндіріс алпауыттарынан тұрады. Жұмыскерлер көп бізде. Біздің мақсатымыз – әрбір ұжымға барып, әрбір адамға жеткізіп, өзіміздің программамызды, үміткердің программасын көрсетіп, түсіндіру. Көп насихат жүргіземіз. Еңбек ұжымдарымен кездесеміз.