Алматы облысында Әбден сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Алғашқы күні ол Талғар қаласының тұрғындарымен, оның ішінде өңірдегі көпбалалы аналармен жүздесті. Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, емен-жарқын әңгімелесті. «Ананың мойнына жүктелген жүк ауыр. Ал көпбалалы ана болу – нағыз ерлікке татиды», – дейді кандидат.
Жанат Қалжанова, «Ана Сәулесі» ҚБ төрағасы:
-Қонаев қаласынан Талғар қаласына бүгін келіп тұрмыз. Қарақат Әбденмен кездестік. Кездесуіміз өте жақсы өтті. Көпбалалы аналар өздеріне керекті сұрақтарын қойды. Сұрақтарына жауаптарын алды.
Бұдан кейін кандидат отбасылық кәсіпкерлікпен айналысатын шаңырақтардың бірінде болды.
Тұздыбастаудағы жанұя мүшелері құрт, кілегей, ірімшік секілді оннан астам сүт өнімін жасайды. Сұраныс жоғары. Барлығы экологиялық таза өнім. Үйдің үлкендері тек бір отбасын емес, тағы 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Істің көзін тауып, кәсібін өрістетіп жатқандардың алға қойған жоспары да, ойға алған тірлігі де көп.
Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:
-Нағыз экономикамызды жылжытатын нағыз үлкен дүние осы, отбасылық бизнес. Әр адам, әр отбасы тек мемлекеттен ғана күтіп отырмай, өзі әркет жасап істеу керек. Балаларын сол еңбекке үйрету керек деп есептеймін.