Тұрсынбекова тігіншілермен кездесті
Тігін фабрикасына соғып, ісмерлермен кездесті. Бұл цех 1995 жылы ашылған. Қазір мұнда 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның 90% — әйел адамдар. Кәсіпорын негізінен күш құрылымдарына қажетті арнайы киімдер мен мектеп формаларын тігеді. Кандидатпен кездесу барысында фабрика өкілдері кәсіпорынның жұмысына, кадр тапшылығы мен шикізатқа байланысты өз мәселелерін айтып, толғандырған сұрақтарын қойды.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:
- Шығаратын өнімдерін қазақстандық бренд деп атасақ та болады. Өйткені таң атқаннан кеш батқанға дейін сол жерде істейтін әйелдер бар өнерлерін, бар шеберлерін салып, істеп отырған тіршіліктері. Бұл жерде пандемияға қарамай, дағдарыстарға қарамастан мынандай фабрикалар жұмыс істеп келе жатыр. Алайда олардың бастарынан өтіп жатқан бірталай проблемаларымен сол фабриканы басқарып отырған Әнипа Лесбекқызы пікірін білдіртті.