Нұрлан Әуесбаев қала тұрғындарымен кездесті
Қазығұрт шағын ауданының тұрғындармен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ оппозициялық партия өкілі өзін ұсынған бірлестік туралы да қысқаша айтып берді. Жиынға науқанның өту барысын бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары қатысты. Кездесу барысында тұрғындар пікірлерін айтып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50 аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:
- Шымкент қаласында жұмыс сапарымен кезекті кездесу болды. Бұған өзімнің көңілім толды, ризашылық білдіремін. Халық көп жиналып отыр. Барлық тұрғындарға өзімнің сайлауалды бағдарламамды жақсы түсіндіріп, жеткізе білдім.