Жигули Дайрабаев Қарағанды облысына барды
Сонан соң өңірлік штабта селекторлық отырыс өткізіп, сайлауалды үгіт-насихат науқанының 10 күндігін қортындылады. Облыстардағы әріптестерімен бейнебайланысқа шығып, алдағы жоспарларын бір пысықтап алды. Кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары бұдан бұрын Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Ақмола облыстарына барды. Тұрғындармен және шаруалармен жүздесіп, саяси бірлестіктің бағдарламасын таныстырды.
Жигули Дайрабаев, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Қарағандылық сайлаушылармен кездесу өте мәдениетті өтті. Бұл кездесуге 3 жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттер қатысты. Көрші аудандардан Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Абайдан фермерлер келді. Сол фермерлер одағында активист болып жүрген азаматтар. Ауыл партиясының мүшелері түгелдей қатысты. Жиналыс өте бір сындарлы жағдайда өтті. Көп азамат ойларын ортаға салды. Қойған сұрақтарынан қанағат таптым.