Хабар телеарнасы

Салтанат Тұрсынбекова қалалық адвокаттар алқасымен кездесті

Негізгі мәселе – халық тарапынан сотқа деген сенімнің аздығы, – дейді жиынға қатысқандар.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Кездесу көңілімнен шықты. Өйткені мен де жалпы өзім заңгер болғанмын. Менің әріптестерімнің айтқаны, менің оларға жеткізгенім бір-біріміздің пікірлеріміз сай келеді. 

Бұдан кейін Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысының Сайрам ауданына барды. Ақсукент елді мекеніндегі отбасын қолдау орталығындағы әйелдермен кездесті. Кандидат қордаланған мәселелердің шешу жолдарын талқылады.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Бұл жиналысқа полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Өте бір жанға бататындай әңгіме болды. Өйткені аналардың мұңын, зарын естіп ойланбауға, толғанбауға мүмкін емес.

Салтанат Тұрсынбекованың үгіт-насихат жұмыстары Түркістан облысында жалғасады.