Хабар телеарнасы

Дайрабаев Екібастұзда шахмат ойнады

Өңірдегі үгіт-насихат жұмыстарын Екібастұз қаласынан бастады. Қалалық ардагерлер кеңесіне ат басын бұрып, облыс чемпионымен шахмат ойнады. Алғашқы қадам жасау құқығын қарсыласына беріп, ойынды тең есеппен аяқтады. Содан соң жергілікті халық базарына бағыт алып, ондағы баға саясатымен танысты. Сатушылар және тұтынушыларға саяси бірлестіктің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
-Міне ешқандай делдалсыз шаруалар тікелей осы нарыққа келіп тапсырады. Бір шетінен баға халыққа қолжетімді. Екінші жағынан шаруаларға мүмкіндік.