Қажыкен Абай облысының кәсіподақ өкілдерімен кездесті
Семейдегі сапар барысында Мейрам Қажыкен медициналық университетке ат басын бұрды. Бұл басқа да аймақтарда филиалдары мен ауруханасы бар елдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Онда Мейрам Зекешұлы дәрігерлер және профессор-оқытушылар мен кездесті.
Мейрам Қажыкен, ҚР президентігіне кандидат:
-Жергілікті халық көп жылдардан бері аңсаған екен... Біз өзіміз өңір болайық, облыс болайық деген. Міне осыған жетіпті. Белсенділіктері бар екен, талаптары бар екен.