Дайрабаев Жаркент қаласының шаруаларымен кездесті

Өңірде көбіне жүгері өсіріледі. Бірақ су тапшылығына байланысты суармалы жерлер толық пайдаланылмай жатыр. Осыған байланысты таудан аққан суды оңтайлы қолданып, су қоймаларын салу керек, — дейді фермерлер. 

Олжас Жапарқұлов, агрохолдинг құрылтайшысы:
- Жалпы ауданда бұрын 46 мың га жер игерілетін. Қазір 25 мың га жер игеріліп тұр. Қалғанына су жетпейді.