Жигули Дайрабаев ШҚО-да болды
Майлы дақылдар өсіретін фермалардың жұмысын көріп, күрмеулі мәселелерімен танысты. Саяси бірлестік өкілдері бұдан кейін сүт және мал шаруашылығы кешеніне ат басын бұрды. Кандидат пен оның партияластары сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.
Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
- Қазіргі таңда шаруалардың кейбір жерде пайдаланатын 2-3 алқапты ауыспалы егістің өзі мына жердің сапасын жақсартпайды. Ол жердің сапасын құр сақтап тұр. Мұнда 5-10 алқапты ауыспалы егіс бар. Соның арқасында ШҚО-дағы осы шаруашылықтардың жері жылдан жылға сапасы жақсарып жатыр.