Қазір мұнда кандидаттың сенімді өкілдері мен волонтерлар қызу жұмысқа кіріскен. Оппозициялық партия өкілі қаладағы сайлаушыларымен де кездесті. Тұрғындарға сайлауалды тұғырнамасын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Бүгінге дейін Нұрлан Әуесбаев елдің 7 өңіріне барды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.
Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат- Біз Орал қаласына келдік. Осында жергілікті активпен кездестік. Кездесу өте тартысты өтті. Түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылды. Алдағы жоспарда солтүстік өңірдің біраз жеріне бару бар.