Хабар телеарнасы

Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанының 16 күндігін қорытындылады

Кандидатпен жүздесуге 3 мыңнан астам адам жиналған. Салтанат Тұрсынбекова елордада өткен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестік өкілдерінің кездесуінде осылай деді. Саяси додаға да ол осы ұйымның атынан түсіп отыр.

Айнұр Жүгінісова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық ҚБ төрағасы: 
- 16 күндік қорытындыны тыңдап, жайланып, марқайып кетіп бара жатқан жайым бар. Біздің «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының аналары көріп отырсыздар ғой, жүздерінен қандай көңіл күйде кеткендерін.