Әуесбаевтың Оралдағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
Арасында оқу бітірген азаматтар мен студенттер де бар. Олар жастарды жатақхана және жұмыспен қамту жайын көтерді. Сонымен бірге, тұрғындар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалатын жағдайдың нашар екенін айтты. Жиынға байқаушылар да қатысып, науқанға дайындық жайын сұрады. Бұдан бөлек, кандидатқа сайлауалды бағдарламасы бойынша бірқатар сауал жолданды.
Нұрлан Әуесбаев, ҚР президенттігіне кандидат:
- Мүгедектерге, басқа әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге баса назар аудармайды деген сияқты көптеген әлеуметтік мәселелердің бәрі қамтылып өтті. Біз мүмкіндігінше барлық мәселелер бойынша жауап бердік. Өте көп шаралар өткіздік енді қазір шамамен 30-35 шара өтті. Біздің негізгі мәселеміздің көбісін еңсердік. Тағы алда біраз істер бар.