Мемлекет басшысы Самарқандта өтетін ТМҰ саммитіне барады
Екі күн болатын жиында мемлекет басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.
Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.