Тоқаевтың штабы Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесті

Сондай-ақ штаб мүшелері жергілікті футбол клубының ойыншыларымен және Жұбанов атындағы университет ғалымдарымен кездесті. Бұл шараларда спортты дамыту, ғылымды қолдау мәселелері талқыланды. Ақтөбе өңіріндегі кездесуге 350-ден астам адам қатысып, кандидаттың бағдарламасында қамтылған тақырыптарға қатысты өз ойларын ортаға салды.

Бақытжан Жұмағұлов, Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі: 
Біз өңірлерді аралап жүрміз. Ақтөбе облысына келіп, сайлаушылармен кездесіп жүрміз. Кездесуге кандидаттарымыздың бағдарламасын айтып, халықтың ешқайсысы қалмай, сайлауға қатысуға шақырып жатырмыз.