Хабар телеарнасы

Тұрсынбекова штабы алдағы өтетін дебатқа дайындалып жатыр

Сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірген. Қазір кандидаттың 20 өңірде штабы толық жұмыс істеп тұр. Ал Республикалық штаб елордада орналасқан. Мұндағы 10-ға жуық маман ертеңгі «Хабар» арнасында өтетін пікірсайысқа дайындықты пысықтау барысында. Өзге кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы талқыланып, халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланып жатыр. 

Назым Жанғазы, С. Тұрсынбекованың Республикалық штаб жетекшісі: 
- Кездесулерде уақыттың 30% бағдарламаны айту мен түсіндірумен өтеді. Қалған 70% халықтың проблемаларын тыңдап, олардан кері байланыс алып жатырмыз. Ертең кешкі сағат 20:00 тікелей эфирде Хабар арнасында дебат өтеді. Соған дайындалып жатырмыз. Кеше түнгі 11-ге дейін офиста болдық. Енді қалай өтетінін Хабар арнасынан көресіздер.