Нұрлан Әуесбаевтың жақтастары студенттермен кездесті
Жиынға қатысушыларға сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Жастар көбіне білім сапасына, жұмысқа орналасуға қатысты сауалдар қойды. Қыз-келіншектер әйелдердің әлеуметтік мәртебесіне қатысты мәселелердің барын жеткізді. Жоспар бойынша ертең оппозициялық партия өкілдері Ақмола облысының Ақкөл ауданы тұрғындарымен кездеседі.
Талғат Омаров, Н. Әуесбаевтың сенімді өкілі:
- Бүгін өте қызықты кездесу болды. Жастардың саны 50 шақты болды. Тағы да он шақты әйел болды. Көп сұрақтар қозғалды, әйелдердің зейнетке шығатын жасын 58-ге дейін түсіру жайлы. Білім мәселесіне қатысты сұрақтар да қойып отыр. Неге десеңіздер жастарымыз сапалы білімді талап етеді.