Жигули Дайрабаев май зауытына барды
Семей іргесінде орналасқан ірі кәсіпорын майлы дақылдарды өсірумен және оны қайта өңдеумен айналысады. Зауыт басшылығының айтуынша, бүгінде толықтай өндірістік қуатқа шығу мүмкін болмай отыр. Оған себеп, кезінде Украинадан сатып алынған жабдықтарға сәйкестік сертификатының жоқтығы. Былтыр ашылған зауытқа 13 млрд теңге инвестиция тартылған. Мұнда 400 адам тұрақты жұмыс істейді.
Серік Байғалиев, өңірлік штаб басшысы:
Бірсыпыра тізім бойынша мекемелерге барып, жұмысшылармен және қарапайым адамдармен кездесіп жатырмыз. Бағдарламаны айтып түсіндіріп, бізде қандай мақсаттарымыз бар, соны жеткізіп үгіт-насихат жұмыстарын істедік.