Хабар телеарнасы

Тоқаевтың РҚШ мүшелері Батыс Қазақстан облысына барды

Коммуналдық сала өкілдерімен кездесуде инженерлік желілерді салу мен жөндеуге арналған басымдықтар сөз болды. Ал «Зенит» зауытында кандидаттың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға арналған саясатына тоқталды. Штаб мүшелері аймақтың зиялы қауым өкілдерімен де кездесті. Онда отандық мәдениет пен өнерді қолдауға және дамытуға арналған шараларды талқылады. Еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға арналған басымдықтарға да мән берілді. 

Мәулен Әшімбаев, Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы:

- Экология мәселесі де еліміз үшін соның ішінде БҚО үшін де  өзекті мәселе екенін білеміз. Жайыққа қатысты проблемалар бар екені жасырын емес. Су деңгейі төмендеп кетті соңғы жылдары. Сол себепті мемлекет бұл бағытта жұмыс істеуде. Әлі де бәріміз бірге әртүрлі деңгейлерде көп нәрсені жасауымыз керек.