Тұрсынбекова Өскеменге барды
Салтанат Тұрсынбекованың шығыстағы алғашқы кездесуі жергілікті экологтармен өтті. «Жиында Өскеменнің ауасын тазарту мәселесі көтерілді. Өңірде өнеркәсіптік өндіріс ошақтары көп болғандықтан атмосфераға бөлінетін зиянды қалдық азаймай тұр», – дейді кандидат.
Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:
-Қазақстандағы ауасы ең лас 9 қаланың үшеуі еліміздің шығысында орналасқан. Олар: Өскемен, Риддер және Зырян қаласы. Оған басты себеп жүздеген кәсіпорындардың қалдықтары. Соның салдарынан бұл аймақ ауасы ең лас 5 өңірдің қатарына кіреді.
Бұдан кейін кандидат арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Мекеме 2001 жылы ашылған. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар тұрады. Кандидат қарттармен тілдесіп, алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді.
Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:
-Менің сайлауалды бағдарламамды осы жерде тұратын қарияларымыз үлкен қызығушылық білдіріп, бар ықыласымен тыңдады. Бүгінгі кездесуде қызметкерлер өздерінің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарын қойды. Атап айтсақ, ғимаратқа күрделі жөндеу керектігін айтты.
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова мұнан соң, Павлодар облысына аттанды.