Жигули Дайрабаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Ол Елордадағы нөмірі 396-шы сайлау учаскесіне отбасы мүшелерімен бірге барды. Таң сәрімен өз таңдауын жасап жатқан халықтың саны көп. Естеріңізге сала кетейік, бас қалада 406 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Жигули Дайрабаев, Қр Президенттігіне кандидат:
- Бүгінгі біздің № 396 учаскесінде байқадыңыздар, сағат 6:30 таңғы мына сайлаушылар жинала бастады. Мен де өзім ерте келдім. Өзімнің немерелерім, інілерім, келіндерім, жолдасым ерте келдік. Бұл әрбір қазақстандықтың өміріндегі үлкен саяси оқиға, мереке. Сондықтан мен ойлаймын, әрбір қазақстандық, бұл мерекені өз деңгейде өткізуге атсалысады.