Хабар телеарнасы

Сенат төрағасы өз таңдауын жасады

Яғни ел азаматтары жеті жылға бір реттік президентті сайлап жатыр. Мемлекет басшысы атануға үміткерлерге тең мүмкіндік берілді. Сондай-ақ сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне жағдай жасалды, — деді Сенат төрағасы. Мәулен Әшімбав өз таңдауын №111-ші сайлау учаскесіне жасады. Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан бөлімшеге ол өз анасымен бірге келді.

 Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
- Президенттік сайлауымыз ашық, әділ түрде толықтай Қазақстанның заңнамасына сәйкес түрде және халықаралық стандарттардың аясында өтетініне толықтай сенеміз. Сондықтан енді халқымыз өзінің болашағын айқындап жатыр. Бұл бір жағынан мүмкіндік, екінші жағынан жауапкершілік.