Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа барды
Нәтиже жарияланғаннан кейін Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше, тарихи науқан өткенін атап өтті. Мықты мемлекет құрамыз десек, ең алдымен, әділдік орнату қажет екенін, онсыз ешқандай реформа болмайтынын айтты. Бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісуіміз қажет, — деді. Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне үлкен сенім артқаны үшін коалицияға ризашылығын білдірді.