300 мыңға жуық шетелдік автокөлікке қазақстандық нөмірлер тағылады
Көліктерді тіркеу үшін иесі 200 мың теңге төлейді. Тиісті заң жобасын Сенат қабылдады. Сондай-ақ құжатта кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайтатын норма қарастырылған. Мәселен, шағын бизнеске бірыңғай төлем енгізіледі. Сөйтіп жүктеме жеке табыс салығы есебінен төмендейді. Ал қант шикізатын импорттаушылар қосымша құн салығын төлемейді.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Жеңілдіктердің бірі ол қант өндірісін ынталандыру үшін, содан кейін қантты импорттау үшін, тростниктен жасалған қантты импорттау. Ол НДС-тан босатылып жатыр. Сол себептен болашақта және қазіргі таңда біз көріп отырмыз, қант тапшылығы біздің нарығымызда жоқ, болашақта болмайды. Себебі біз сол өндірісті әрі қарай ынталандырамыз.