Мәжілісте қазақы тазы мен төбет тұқымдарын көбейту туралы заң қабылданды
Ит жүгіртіп, құс салған халқымыз үшін аңшылық шаруашылықты дамытудағы мәселе көп. Соның бірі – асыл тұқымды иттердің азаюы. Қазір қала көшелерінен жеті қазынаның бірі болған қазақы тазы мен төбетті кездестіре бермейміз. Төменгі палата депутаттары қараған заң жобасы қабылданса осы олқылықтың орны толар еді. Бұл құжат иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау мен өсімін молайтудағы құқықтық, экономикалық негіздерін белгілеуге сеп болмақ.
Әмірхан Рахымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Сонымен қатар заң жобасы кинологиялық қызмет ұғымдарын, қазақы тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлікті, бірыңғай асыл тұқымды кітапты, қазақ ит тұқымдары мен ұлттық аңшылық стандартын айқындайды.