Елімізде банкрот болған азаматқа 5 жылға дейін несие берілмейді
Бұл туралы Сенат қабырғасында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті. Сол себепті әр азамат өзін банкрот деп жарияламас бұрын оның салдары туралы да ойланған жөн. Бүгінде елімізде банктер мен микрокредиттік агенттіктердің алдында 1,5 млн адамның қарызы бар. Талқыланып жатқан заң жобасы осындай жандардың борышын азайтуға бағытталған.
Айта кетейік, адам денсаулығына зиян келтіру және алимент бойынша берешек кешірілетін қарыздарға жатпайды.