Жоғары палата депутаттары «Агломерацияларды дамыту туралы» заң мен ілеспе құжатты қабылдады
Ірі қалаларда халық санының көбеюі, жер аумағының өсуі салдарынан тұрғындар ыңғайлы көлік қатынасы, әлеуметтік, өнеркәсіптік нысандар тапшылығын көруде. Мәселен, соңғы жылдары ел астанасының аумағы 3 есе, Алматы 2 есе, ал Шымкент қаласының территориясы 3,5 есе артқан. Сондықтан бүгінгі қабылданған құжат аумақтардың тиісті деңгейде дамуына сеп болмақ. Яғни, қала мен оның маңындағы аймақтар арасы заңнамалық тұрғыда реттелетін болады.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Заң жобасымен агломерацияларды басқарудың жаңа моделі енгізілуде. Аймақтық деңгейде агломерациялық кеңестер құрылады, олар агломерация аумағын үйлестірілген түрде дамыту үшін нақты мәслелерді шешу бойынша қала мен іргелес облыстың жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимыл алаңы ретінде жұмыс жасайтын болады.