Болат Ақшолақов: Екібастұздағы апат – кешенді қателік
Тиісінше коммуналдық қызмет те апат кезінде шұғыл шара қабылдамады деп отыр. Сондай-ақ министр келер жылы Атом электр стансасын Алматы облысы, Жамбыл ауданында салу ұсынылғанын хабарлады. Қазірде 4 елдің технологиясының арасынан таңдау жүргізіліп жатыр екен. Жоспар бойынша құрылыс келер жылы басталмақ. Ал мұнай өндірісіне келер болсақ, биылғы жылы 84 млн тонна мұнай өндірілген. Көрсеткіштің төмендеуіне зауыттардағы жөндеу жұмыстары себеп болған. Дегенмен келер жылы 90,5 млн тонна мұнай өндіру жоспары бар. Оның 71 млн тоннасы экспорттық үлес. Болат Ақшолақов өз кезегінде елдегі жанар-жағармай бағасына да тоқталды.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
- Қазіргі бұйрықтың күші 2023 жылғы 9 қаңтарда аяқталады. Шешімге сәйкес АИ-92, АИ-93 және дизель отынының бағасын өзгертпейміз. Келесі үш тоқсан бойы қазіргі бағаны сақтап қалу бойынша жұмыс істеп жатырмыз.