Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.