Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді
Мандаттарға қатысты сандар да нақтыланған. Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Оның 69-ы партиялық тізіммен өтсе, қалған 29 депутат бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Ал еліміз бойынша 223 мәслихат бар екен. Оларда 3415 мандат бар. Оның қай-қайсысына болсын үміткерлерді ұсынуға болады. Жалпы бұл жолы Мәжілісті жасақтаудың жаңа ережесінің нәтижесінде депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі артады.
Кандидаттарды ұсыну бүгіннен басталып 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталады. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз — сайлау. Жалпы сайлау науқанына 33,4 миллиард теңге бөлінеді.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Егер мұны жеке-жеке өткізсе 60 млрд ақша жұмсалатын еді. Екі сайлаудың қазір басын біріктіріп отырмыз. Мәслихат депуттарын мәжіліспен бірге бір додаға бір кезеңге шығарып отырмыз.