Президент Парламент Сенатындағы 13 депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Осыған сай, Президент Сенатқа 5 депутатты тағайындап, тағы бір жарлыққа қол қойды. Жаңа тізімде Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров бар. Бұдан бөлек, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев, Нурия Ниязова, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских Жоғарғы палатаның депутаттары болып тағайындалды.