ОСК: «Байтақ» және Respublica бірқатар облыста мәслихат депутаттарының сайлауына қатыса алады
Осы арқылы мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат алып отыр. Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін жалғасады. Орталық сайлау комиссиясы күн тәртібінде мүгедек азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасау мәселесін де талқылады.
Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
-Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдай жасау, жұмыс шеңберінде сурдо аудармашыларды оның ішінде онлайн режимде тартады. Дауыс беру күні инвотакси қызметтерін, жеке көмекшілердің қызметтерін қамтамасыз етеді.