ОСК: саяси додада 12 451 кандидат бақ сынайды
Мәжіліске 7 партиялық тізіммен 281, мажоритарлық жүйемен 435 кандидат ұсынылған. Орта есеппен қарасақ, бір мандатқа 15 адамнан келеді. Ал Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 118 партиялық тізімнен 1447, бір мандатты округтар бойынша 10 288 азамат тіркелген. Олар 3081 мандат үшін күреседі. Орталық сайлау комиссиясы 125 азаматтың құжаттары кері қайтарылғанын айтты. 45 азамат өз еріктерімен өтініш берген. Басқалары заң талаптарына сай келмеген.