«Ауыл» партиясының өкілдері Алматы метросында фотокөрме өткізді
Ауыл шаруашылығы тақырыбындағы 50-ден аса фотосурет көрермен назарына ұсынылды. «Осылайша шаруалардың еңбегін елге жеткізуді көздеген. Себебі қазір жастар азық-түлік түсінігін егіншілік не мал шаруашылығымен емес, азық-түлік дүкендерімен байланыстырады», — дейді ұйымдастырушылар. Шара аясында келушілерге шағын концерт қойылып, айтыскер ақындар өнер көрсетті. Саяси ұйым өкілдері метромен жүріп, жолаушылармен әңгімелесті. Халықтың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, алдағы сайлау науқанының маңызына тоқталды. Мұнан соң, «Ауыл» партиясының мүшелері Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттарының біріне барып, қызметкерлермен кездесті. Саладағы қордаланған мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын талқылады. Партия сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысында жалғастырады. Жоспарда бірқатар кездесу өткізу көзделген.
Дәурен Нұрмағамбетов, шаруа қожалығының басшысы:
-Қазіргі кезде шаруа қожалықтарымен біз асылдандыру жұмыстарымен қызмет атқарудамыз. Сапалы өнім, тұқымдылығын жақсарту. Сапалы қымызбен қамтамасыз ету жолында біз ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Ауылдағы халықтың еңбегін бағалай білуіміз керек.