Respublica партиясының өкілдері Алматы құрылысшыларымен кездесті
Оларға өз бағдарламаларын таныстырып, саяси науқанның маңыздылығы жайында сөз қозғады. Құрылыс саласындағы өткір тұрған мәселелер талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылды. «Ауқымы кең, күрделі жобаларға қолдау қажет», — дейді мамандар. Басқосуда бауырлас ел Түркиядағы болған зілзаланың зардабы жайлы айтылды. Партия өкілдері бұл жағдайдың әсіресе құрылыс саласы үшін үлкен сабақ екенін атап өтті. Сондай-ақ қала дамуына үлес қосқан жұмысшылардың еңбегі қашан да елеулі екенін айтып, алдағы жобаларына сәттілік тіледі. Жиыннан кейін бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, Алатаудың етегінен бой көтеріп келе жатқан ғимараттарды көрді.
Сұңғат Райымбек, Respublica партиясы Алматы қалалық филиалының штаб басшысы:
-Бүгінгі таңда XXI ғасыр болғандықтан көптеген реформалар болып жатыр. Біздің Президентіміз көптеген реформалар жасады. Жеті партия додаға түсті, былайша айтқанда бәйгеге түсті. Менің ойымша әділ өтеді деп сенемін. Өйткені өзгерістерге жол берілді.