ҚХП штабы Семей қаласындағы кондитерлік фабрикалардың бірінде болды
Бұл компания 2013 жылы құрылған. Қазір жүзден астам өнім түрін шығарады. Жылдық қуаты - 22 мың тонна. Дайын тауар аймақтағы тұтынушыларға, сондай-ақ Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстанға сатылады. Кандидаттар жемісті еңбек етіп жатқан ұжымға алдағы саяси науқанның маңызын түсіндіріп, партияның бастамалары жайлы пікір алысты. Ал логистика, соның ішінде темір жол - аймақ экономикасында үлкен маңызға ие. Абай елі арқылы өнімдеріміз сыртқа экспортталып, Азия мен Еуропа арасында транзиттік жүк тасымалдары жүреді. Саяси ұйым осыны іске асырып отырған мамандармен жүздесіп, партия тұғырнамасын таныстырды.
Оксана Шишкина, ҚХП сайлауалды штабының мүшесі:
– Темір жол облысымыздағы негізгі кәсіпорын. Қаншама вагондар құрамы осы жер арқылы қатынауда. Қала тұрғындарының белгілі бөлігі осы салада еңбек етеді. Сондықтан біз командаға барып, сайлауалды бағдарламамыз туралы айтуды жөн көрдік. Мұндай кездесулер бүгінгідей республикамыз бойынша әртүрлі ұжымдармен өткізілуде.