ЖСДП республикалық штабындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр
Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Олар Астана тұрғындары көп баратын жерлерде парақшаларын таратып, плакаттарын ілді. Сондай-ақ елордалықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Штаб басшысының айтуынша, үгіт парақшалары барлық өңірге жеткізілген. Бұл науқанға мыңға жуық волонтер қосылған. Ұйым мүшелері еліміз бойынша 500-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Талғат Омаров, ЖСДП мүшесі:
- Агит материалдар таратып жатырмыз. Бүкіл өңірлерге жеткізілді агит материалдарымыз. Біздің материалдарымыз әр үйге кіреді деп сенімдіміз. Өйткені көмекке келген өте көп волонтерымыз бар. Волонтерлер келіп, қазір олар әр үйге кіргізіп жатыр, әр магазинге таратып жатыр.